Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірге өзгеше қарай бастадым": Төреғалидің жары көпшілікке қандай кеңес берді

Опубликовано:

Толқын Тұрарбекқызы
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары өмірге қатысты ойларын бөлісіп, көпшілікке кеңестерін айтты деп жазады KАZ.NUR.KZ

Толқын Тұрарбекқызы өзінің Insatgram парақшасында өмірлік дамуға қатысты жазба жариялап, оқырмандарына мотивация берді.

"Ұлы дала баласының" келіншегі бастапқыда өзі де мүлдем басқа адам болғанын алға тартты. Ал кейіннен білімін толықтырып, өзімен жұмыс жүргізіп, үлкен нәтижеге қол жеткізген.

Жұлдызды әулет келінінің сөзінше, бүгінде оның ой-өрісі кеңейген. Ол өмірге басқаша қарайтын болған.

"Дәм тартып Дубайға тағы да келіп қалдық! Иә, үшіншi рет және бұл жолы үй-iшiмiз түгел келдік. Алғаш келгенімде айналадағы сұлулыққа қарап, аузым ашылып, көзім жұмылып жүрген.
"Қалайша көзді ашып-жұмғанша осынша қарқынмен қарыштап дамуға болады?!" деп таңғалғанмын. Жас жұбайлар атанғаннан кейінгi бал айымыз да осы қалада өтті.

Айтып-айтпай не керек, дүйім дүниені өзіне қаратқан Дубай күн санап дамып жатыр. Жылдамдығына көз iлеспейдi. Ал осы келгенiмде байқағаным - Дубай ғана емес, мен де тұлғалық тұрғыда дамып, бұрынғыдай емес, ой-өрiсiм, көңіл көкжиегiм кеңейiп, өмірге өзгеше қарай бастаппын. Иә, даму - әр адамның өзінен бастау алады екен. Өзге біреу кеп немесе отбасың, елбасың не мемлекет кеп сенi дамытпайды.

Дамуға талпыныс, қадам өзіңнен басталуы, оған өзің ықыласты болуың қажет. Сонда өзгеге, өмірге өкпелеу, басқаларға баз айту, уайым шегу, алаңдау, шаршау, үрей деген ұшты-күйлi жоғалады. Яғни iштегi бос қуыс толып, толық тұлға деңгейіне өтесiз. Жаңағы тiзiмнiң орнын махаббат, сезім, бақыт, сый-құрмет басады. Сүре бiлгенге мына өмір сүреңсіз емес, керісінше жап-жарық әрі сұлу екеніне көзiңiз жетеді. Рас, қазір бiреу кеп "бақыттың кiлтi неде?" деп сұраса, "дамы, дамы және дамы" деушi едім. Ал даму оқу-бiлiмсiз болмайды. Өйткені өзім бұған үздіксіз бiлiм алу арқылы қол жеткізіп келемін", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938246-omirge-ozgese-qarai-bastadym-toregalidin-zary-kopsilikti-damuga-saqyrdy/

pixel