Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұрыс шешім қабылдадым": Әсел Асқар бұрынғы сүйіктісімен қайта қосылғанын хабарлады

Опубликовано:

Әсел Асқар сүйіктісімен
Фото: Instagram/assel.askar

Қазақстандық танымал актриса Әсел Асқар болашақ баласының әкесімен қайта қосылғанын жария етті. Қос ғашық арада туындаған мәселені талқылап, бір мәмілеге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Асқар өзінің Instagram парақшасында жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Бұған дейін бұрынғы ғашығымен арада болған жайттарды ақтарған желі жұлдызы енді онымен татуласып алғанын хабарлады. Ол болашақ баласының әкесімен ұзақ сөйлесіп, оған бір мүмкіндік беруді жөн көрген.

"Бәрі тынышталып қалғанда, ол қайта келді. Мен тыныштықта өзіммен өзім бола алдым, ешкім есімді шығармады, ол да қысым жасамады. Сол сәтте мен сөйлесуге дайын екенімді түсіндім.
Біз кездесіп, көлікте таңға дейін сөйлесіп отырдық. Бірге өткізген бақытты күндерді еске алдық. Ол қандай жағдайға тап болғанын айтып берді. Теріс қылықтар жасағанын мойындады. Алайда, ол не істеп жатқанын өзі түсінбеген. Дәрігерлерге тексеріліп, ем қабылдаған. Мен бұрынғы ғашығымды қайта көргендей болдым.
Сондай сабырлы, қамқор, шынайы азаматым алдыма қайта келді. Мен оны, ол мені кінәлаған жоқ", - деп жазды ол.

Әселдің айтуынша, бұл кездесуден кейін Айбек оған гүл шоқтарын жіберіп, оны кездесуге тағы шақырған. Ер адам болашақ баласының анасынан тағы бір мүмкіндік беруін сұраған.

Актриса оның бұл ұсынысын қабыл алған. Ол сол кезде өзін ұзақ уақыттан бері алғаш рет бақытты сезінгенін айтты.

"Біз жалғыз бола алмадық. Алғаш жүре бастаған кездегідей күй кештік. Мен бар ренішті артта қалдырып, екеуміз ғана уақыт өткізгенімізді қаладым. Бұл менің дұрыс шешімім болды. Арасында жылап та алдық. Бір-бірімізге ұзақ қарап жаттық. Ол алғаш рет ішімді ұстап, көзіне жас алды", - деді Әсел Асқар.

Кейін Әсел ұлымен бірге Түркияға ұшып кеткен. Ал Айбек арттарынан барған. Сол жерде қос ғашық бірге уақыт өткізген.

"Мен кешірмесем де болар еді. Ол да қайтып оралмаса да болар еді. Бірақ жаратушының бізге қатысты жоспары бөлек секілді. Бәлкім бұл махаббат шығар, бәлкім менің даналығым. Айбекке жіберілген немесе бізге берілген сынақ шығар, мүмкін?! Кім біледі? Бірақ, отбасыңның берік болуы - үлкен еңбек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938403-durys-sesim-qabyldadym-asel-asqar-buryngy-suiiktisimen-qaita-qosylganyn-xabarlady/

pixel