RU

АҚШ-та Ерке Есмаханның танымал әніне билеген афроамерикалықтар елдің көңілін көтерді (видео)

би
Видеодан кадр: TikTok/murat_bodaubekov

Желіде Ерке Есмаханның орындауындағы танымал әнге билеген афроамерикалықтардың видеосы тарап жүр. Олар "Қайда" әніне қаражорға биін билеп, көптің көңілін көтерді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны АҚШ-та жұмыс істейтін қазақ жігіті түсірген. Видео авторы әріптестерінен сүйікті әні қандай екенін сұрайды. Көп ойланбаған аспаз жігіт смартфонынан Ерке Есмаханның орындауындағы әнді қосып, билей жөнеледі.

Олардың бірі "Қара жорға" биінің қимылын да келтірген. Жұмыс күнін көңілді бастаған жігіттер "Қайда" әнінің қайырмасын ұнатып қалған сыңайлы.

Желі қолданушылары АҚШ-та тек жүрмей, америкалықтарға қазақша үйреткен видео авторына риза болуда.

"Осындай адамдармен бірге жұмыс істеп жүрген адамда арман жоқ болар. Харизма ұрып тұр", "Шетелдіктерге қазақша үйретуге кеткен ғой", "Жарайсың, қазақтың жігіті", - деп жазуда желі қолданушылары авторға.

Пікір білдірушілер афроамерикалықтарды билетіп жіберген Ерке Есмаханға да алғыс айтты.

"Қаражорға билетіп жіберген Ерке, жарайсың!", "Мықты", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық Зайда Жаңабаеваның ұзату тойында айтқан сыңсу әні көпшіліктің жүрегін елжіреткенін жазған едік.

Роза Әлқожа жазған бұл әннің негізгі орындаушысы – талантты дәстүрлі әнші Айбала Өсиетқызы.

Айбала да жақында Атырауға ұзатылып, сол әнді өз тойында орындаған болатын. Көпшілік жылы қабылдаған сыңсу әнді Заида да орындады. Әнді естіген тойға жиналған қауым көзіне жас алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938460-aqs-ta-erke-esmaxannyn-tanymal-anine-qara-zorga-bilegen-afroamerikalyqtar-eldin-konilin-koterdi-video/