Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарты млн долларға зәулім үй алып берді": Jah Khalib-тің анасы отбасы жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Джа Халиб анасымен
Джа Халиб анасы Ляззат Мамедовамен. Фото: "Время" газеті

Қазақстандық рэп орындаушысы Джа Халибтің (Бахтияр Мамедов) анасы Ләззат Мамедова "Время" басылымына берген сұқбатында танымал ұлының балалық шағы, қызығушылығы және жеке өмірі туралы баяндады.

Джа Халибтің анасы Ләззат журналистика саласында тер төккен әйел. Сонымен бірге, ол мемлекеттік жұмыста басшылық қызметтер атқарған. Сонда жүріп, үнемі мәдени-әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастырудың басы-қасында болған.

Сұқбат барысында Ләззат Мамедова қызметте жүрсе де, екі ұлы - Санжар мен Бахтиярды жанына ертіп алып, театрлардан, түрлі мәдени іс-шаралардан қалдырмағанын еске алды.

Ал кіші ұлы Бахтиярдың бойынан музыкаға, өнерге деген қызығушылықты байқаған сәттен бастап, оның осы жолға қарай бет бұруына үлкен үлес қосқан. Ұлының әнші болу арманын орындау үшін анасы тіпті, мұнай саласында еңбек еткен жолдасына да қарсы шыққан екен.

"Бахтиярдың әкесі оның музыкадағы бастамаларына қолдау білдіріп жүрді. Тіпті, аппаратура алуға ақша да берген күндері болған. Бірақ, өзі секілді мұнайшы болғанын қалайтын. "Мынау не? Күні-түні еститініміз "дың-дың-дың". Бірақ мен "Балаға ұнаса, кедергі болмайық" деп, түсіндіретінмін. Оқу орнына түсер кезде әкесі тіпті, "Бізге Бетховендердің керегі жоқ, ер адамның дұрыс мамандығы, тұрақты табысы болуы керек" деп мәлімдеді. Сондықтан, консерваторияға құжаттарын жасырын түрде тапсырып, оқуға түскен кезде бір-ақ айттық", - дейді Ләззат Мамедова.

Әншінің анасының сөзінше, ұлына қиын кезеңдерде қолдау білдіріп, алғашқы әндері шыққан кезде, жанын шүберекке түйіп отыратын болған. Кейіннен танымалдылығы арта түскен ұлының әрбір шешіміне құрметпен қарағанын жеткізді.

Айтуынша, Бахтияр 14 жасқа толғанда, әкесі мұнай саласындағы зауытынан, бар дүние-мүлкінен айырылып, отбасы пәтер жағалауға мәжбүр болған. Басынан осындай қиындықтарды өткерген Бахтияр ерте есейіп, жұмысқа та ерте кірісіп кеткен екен. Ұлының ерсі әрекеттерге бармайтынына сенімді ана бұған оның қиындыққа толы балалық шағы себеп болды, деп санайды. Қиындықтар Бахтияр Мамедовтың ысыла түсіп, өнерде өз орнын табуға көмек берген.

Қазіргі таңда, Джа Халибтің отбасы Алматының жоғарғы бөлігінде орналасқан ауданы 540 шаршы метр болатын, жарты млн долларға салынған зәулім үйде тұрып жатыр. Бұл баспананы әншінің өзі отбасына сыйға тартқан. Бағасы шамамен жарты миллион долларды құрайды.

"Бұл жай ғана үй емес, бұл біздің ыстық ұямыз. Бахтияр бұл үйді Мамедовтар отбасының қара шаңырағы санайды. Бірнеше жыл бұрын атында ешқандай жылжымайтын мүлкі болмағаны үшін оған шетелге шығу үшін виза бермей қойды. Ал қазір ешқандай проблема жоқ. Бахтияр елден жақсы өмір іздеп кетіп бара жатыр деп те ешкім жаман ойламайды.

Қазір әкеміз бизнеспен бұрынғыдай көп айналыспайды. Себебі, 540 шаршы метрлік үй, қонақтарға арналған және жазғы үй соның мойнында. Бау-бақшаға қарау керек. Жолдасым Бакуден түрлі керемет сорттағы жемістер мен жаңғақтар әкелген. Соларға қарайды.

Қазір ұлым Киевте тұрады. Бұған дейін Мәскеуде тұрған. Біз үнемі оны күтіп отырамыз", - дейді Ләззат Мамедова.

Бахтияр қазір шетелде өнерін дамыта түсу үшін, гастролдерін өткізу жеңіл болу үшін тұрып жатқан көрінеді.

Сонымен бірге, сұқбат барысында Ләззат Мамедова танымал ұлының жеке өмірі жайлы да сыр шертті. Айтуынша, келінінің есімі Мария. Ұлты-украин.

"Екі жыл бұрын ұлым хабарласып, "Жалғыз келмеймін, үйленгім келеді", - деді. Осылайша, Машамен таныстық. Ол украин қызы, Одессанікі. Ол да музыкант. Музыканттар үшін ұлты маңызды емес. Ұлымның бақытты екеніне қуанамын. Көбісі Бахтияр әйелін жасырады деп ойлайды. Ол жасырмайды, қорғаштайды", - дейді музыканттың анасы.

Ескерту! Аталмыш материалды "Время" басылымының рұқсатынсыз көшіріп басуға, таратуға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938480-zarty-mln-dollarga-zaulim-ui-alyp-berdi-jah-khalib-tin-anasy-otbasy-turaly-aityp-berdi/

pixel