Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдыру кезінде дәрігерлермен қалжыңдасқан танымал блогер жауапқа тартылуы мүмкін (видео)

Опубликовано:

Мейіржан Төребаев
Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Танымал қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желіде вакцина салу кезінде түсірілген жаңа пранкты жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төребаевтың Instagram парақшасында жарияланған видеодан блогердің вакцина салдыру кезінде медицина қызметкерлерімен қалжыңдасқанын, олардың іс-әрекетін камераға түсіргенін көруге болады.

Видео басталғанда блогер "Спутник V" вакцинасын салдырғанын хабарлап, медбикелермен қалжыңдасқысы келетінін айтады.

Содан кейін ол саусақтарын бір-біріне жабыстырып алып, дәрігерлерден неліктен бұлай болғанын сұрайды. Ал ақ халаттылар бірден Төребаевқа көмектесуге тырысады. Бейнежазба соңында блогер жай ғана қалжыңдағанын мойындайды.

Осы видеоға байланысты NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне пікір алу үшін жүгінді.

Ведомствоның мәліметінше, видеода №4 қалалық емхананың медицина қызметкері бейнеленген. Медициналық мекеме блогерді әкімшілік жауапқа тарту үшін құзырлы органдарға арыз түсірмек.

Мекеме қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша, кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби қызметіне араласуына тыйым салынатынын атап өтті.

Одан бөлек, ведомство Әкімшілік кодекстің 80-1-бабының 2-тармағын (Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау) еске салды.

Онда медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде бейәдеп сөздер айту арқылы құрметсіздік, әдепсіз қимылдар (белгілер) мен заттарды көрсету, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып әдепсіз мінез-құлық көрсеткен, қорлаған жеке тұлғаларға 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынатыны немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынатыны жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938506-vakcina-saldyru-kezinde-darigerlermen-qalzyndasqan-tanymal-bloger-zauapqa-tartyluy-mumkin-video/

pixel