"Әр қыздың арманы": Жәния Джуринская тойының қалай өткенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Жәния Джуринская арманындағы тойын дүркіретіп өткізді. Өнер иесі карантин салдарынан қуанышын бір жылға жуық уақытқа шегеруге мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жәния Джуринская көптен күткен аса маңызды күнінің қалай өткенін Instagram парақшасында айтып берді. Ол мерекелік шарадан алған әсерін өз оқырмандарымен бөліскен.
Актрисаның айтуынша, айтулы күн оның көңілінен шыққан. Сондықтан, ол барша ұйымдастырушыларға өз алғысын жаудырды.
"Өткен жылдың 21 қазанында біз жолдасым екеуміз никях рәсімін жасап, 20-сы күні заңды түрде некеміз қиылды. Алайда, пандемия кесірінен біз тойымызды уақытылы өткізе алмадық. Карантин жеңілдей бастаған соң, той өткізуді ұйғардық. Бірақ, соның өзінде бірнеше рет айнып қала жаздадық. Шыны керек, қатты шығындалғымыз келмеді. Алайда, қазір барлығы өткеннен кейін бұл дұрыс шешім болғанын түсініп отырмыз.
"Сен ақ көйлек киюің керек. Бұл әр қыздың арманы емес пе?!", - деді күйеуім. Оныкі дұрыс болды. Некелесу салтанаты да, тойдың өзі де керемет өтті. Қонақтарымыздың өзі бөлек әңгіме. Оларға сөз жоқ. Бәрі жоғары деңгейде өтті. Осы тойдың басы-қасында жүріп, ұйымдастыруға атсалысқан барша жандарға алғысымыз шексіз", - деп жазды Джуринская.
Сонымен қатар, өнер иесі той кезіндегі бұған дейін жарияламаған суреттерін бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938707-ar-qyzdyn-armany-zaniya-dzurinskaya-toiy-qalai-otkenin-aityp-berdi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.