Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 млн доллар берсе болды": Белгілі блогер ақша үшін күйеуін өзге әйелге бір түнге "беруге" келісті

Жарияланған күні:

Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева
Фото: Instagram/yussupov21

Отандық танымал блогер Арман Юсупов жұбайына күтпеген сұрақ қойып, оның берген жауабына өзі таңғалып қалды. Блогердің келіншегі оны ақша үшін өзге әйелмен бөлісуге келісімін берген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Юсупов сүйіктісіне ыңғайсыз сұрақ қойып жатқан видеосымен Instagram парақшасында бөлісті.

"Маған бір әйел келіп тұр. Жасы менен анағұрлым үлкен, өте бай. Ол маған өзімен бір түн бірге болғаным үшін 10 миллион доллар беремін деп тұр. Сен осыған келісесің ба? Мен онымен бір түнді бірге өткізсем, ол маған он миллион доллар береді", - деп келіншегіне төтесінен сұрақ қойды блогер.

Қызығы, әйелі ақша үшін жолдасының бұл қадамға баруына келісімін берген. Ал Юсупов болса, жұбайының жауабына таңырқап қалды.

"Шынымен бе? Бітті. Сен жеңгетайсың", - деді ол.

Ерлі-зайыптының бейнежазбасы желіде бірден қызу талқыға түсті. Оқырмандардың аталған жағдайға қатысты пікірі екіге бөлінген. Бірі Каринаны қолдаса, енді бірі сынап тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938723-10-mln-dollar-berse-boldy-belgili-bloger-aqsa-usin-kuieuin-ozge-aielge-bir-tunge-beruge-kelisti/