Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бойдақтарға жұғысты болсын": Әнші Еркеш Хасен шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

Еркеш Хасен жары және досымен
Фото: Instagram/darynolzhabay

"Айгөлек" балалар байқауы арқылы елге танылған жас әнші Еркеш Хасен отбасын құрды. Бұл қуанышты жаңалықты өнерпаздың өзі әлеуметтік желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Еркеш Хасен сүйіктісіне бірінші қыркүйек күні үйленуге ұсыныс жасаған. Ал өткен аптада қос ғашық мешітте мұсылман жолымен некелерін қидырыпты.

Әншінің таңдауы Әйгерім Нұрсейіт есімді аруға түскен. Бойжеткенді ғашығымен ортақ достары таныстырған болып шықты.

Күні кеше Еркештің жүрегін жаулай алған арудың ұзату тойы дүркіреп өткен. Ал бірер күннен соң, жастардың үйлену тойлары болмақ.

"Қос ғашықтың қосылуына басты себепкер - өзім. Таныстырып, табыстырған да - өзім. Алтын көпір болғаныма қуаныштымын. Бірі - бала күннен бірге өсіп келе жатқан жан досым. Бірі - рулас қарындасым, әріптесім. "Қайырлы таң, Қазақстан" бағдарламасының тізгінінде жүргенде Әйкөшқа әрдайым сені өзім ұзатам деп айтатынмын. Орысша айтқанда "отдадим тебя в надежные руки" деп. Бүгін, міне, сол күнге жеттік. Еркеш бүгін маған күйеу бала болды. Біртүрлі қызық екен, досыңмен құда болып араласқан. Ал екі күннен кейін үйлену тойы. Алла абырой берсін. Бастысы, қос ғашық бақытты болсын", - деп жазды Еркеш Хасенді өмірлік жарымен табыстырған досы Дарын Олжабай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938980-boidaqtarga-zugysty-bolsyn-ansi-erkes-xasen-sanyraq-koterdi-foto/

pixel