Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәуекелдің өзінің таңдағаны": Тәуекел Мүсілімнің жұбайы "сырға салу" рәсімінен видео жария етті

Опубликовано:

Махаббат Мүсілім. Сырға салу рәсімінен кадр
Махаббат Мүсілім. Сырға салу рәсімінен кадр: instagram.com/mahonti__/

Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат өзінің Instagram желісіндегі парақшасында алғаш рет отбасылық видеосын бөлісті. Бұдан екі жыл бұрын өткен "Сырға салу" рәсіміне арналған бағалы бұйымды актердің өзі арнайы таңдап алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Махаббат жариялаған видеодан "Сырға салу" рәсімі қалай өткенін көруге болады. Махаббаттың айтуынша, бұл күннің естелік болып қалғанына да екі жыл толған. 2019 жылдың 26 қазанында Махаббатқа ресми түрде сырға салынып, ол қалыңдық атаныпты.

Болашақ келінге сырға салып жатқан кісі әшекей-бұйымды жұбайына арнап Тәуекелдің өзі таңдап алғанын айтуда.

"Тәуекелдің өзінің таңдағаны. Өзі ұнатып, таңдап, анасын алып барды. Бақытты болсын", - деп тілек тіледі үлкендердің бірі.

Еске салсақ, бұған дейінгі сұхбаттарында Тәуекел Мүсілім жұбайына некесі қиылған соң ғана жүрегі мен қолын ұсынып, сөз салғанын алға тартқан. Актердің сөзінше, ол сүйіктісінің алдында өзге жігіттер секілді тізерлеп тұру - ерсі.

"Шынымды айтсам, бұл мен үшін қиын мәселе. Себебі әдетте жігіттің тізерлеп тұрып қызға сөз салғанын көретінмін. Ал біздің қазақтың дәстүрінде ондай болмағандықтан мен үшін бұл қиын болды", - деген болатын ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939186-tauekeldin-ozinin-tandagany-tauekel-musilimnin-zubaiy-syrga-salu-rasiminin-videosyn-elge-zariya-etti/

pixel