RU

"Ұлыңның жанында болсаңшы": Желідегілер Қайрат Нұртасты аяусыз сынап тастады

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады. Оқырмандар ұлы ауырып жатқанда әншінің жаңа суретпен бөліскеніне шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram желісінде жаңа фото жариялаймын деп, елден оңбай сөз естіп қалды. Қалың көпшілік баласы сырқаттанып жатқан сәтте әртістің жеке парақшасын жаңартқан қылығын мүлдем түсінбеген.

Оқырмандар өнер иесіне одан да ауруханаға ұлына барып қайтуға кеңес берген

"Ана жақта Жұлдыз Нарұл үшін жүрегі ауырып жүр ғой. Мұндай сурет салмай соның жанында болсайшы Қайрош өтініш", "Нарұлды ойла, бала-шағаңды ойла", "Нарұл әкесіне қатты ұқсайды екен", "Ауруханаға бардыңыз ба", - деп жазған желідегілер.

Қайрат Нұртас халықтың бұл сынына қатысты ешқандай пікір айтқан жоқ. Әнші тек Stories бөлімінде ұлымен түскен видеосымен бөліскен. Бейнежазбаға сәйкес, әкесі мен баласының емханада екенін болжауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939253-ulynnyn-zanynda-bolsansy-zelidegiler-qairat-nurtasty-ayausyz-synap-tastady/