Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелі әдемі екен": Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегімен түскен суреті қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев пен Сәбит Әбдіхалықов әйелдерімен
Фото: Instagram/qaz.stars

Отандық танымал актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов тағы да ел аузында. Желіде өнер иесінің әйелімен түскен суреті тарап, көпшіліктің қызу талқысын тудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғаламторда қызу пікірталас тудырған фото Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Суретте Сәбит Әбдіхалықов пен Мейрамбек Беспаевтың келіншектерімен бірге тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден Әбдіхалықовтың жас әйелін қызу талқылап, олардың жұптарына қатысты өз ойларын жеткізді.

Бірі қос ғашыққа бақыт тілеп қолдап жатса, енді бірі оларды сынға алған.

"Сәбит аға мықты. Ер кезегі үшке дейін деп тағы да отбасылы болды", "Әйелі әдемі екен", "Сәбиттің қасындағы қызы екен деп қалдым", "Өте жарасымды жұп", "Сәбит аға жасарып кеткендей", "Осы неге жұлдыздарды салыстыра бересіңдер. Екеуі де ел арасында аса сыйлы азаматтар", "Жеке өмірге қол сұғуға болмайды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939551-aieli-ademi-eken-sabit-abdixalyqovtyn-kelinsegimen-tusken-sureti-qyzu-talqyga-qaldy/

pixel