Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөлімінен шықты": Әбдікәрімова ұлының отадан кейінгі жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлына жасалған отаның сәтті аяқталғанын хабарлады. Бүгінде Нарұл Нұртас жансақтау бөлімінен шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының денсаулығы сыр бергенін хабарлаған соң, қалың көпшілік оған қатты алаңдады. Желі қолданушылары минуттап Нарұлдың қалын сұрап жатыр.

Сол себепті, Қайрат Нұртастың келіншегі оқырмандарына баласының емделу үрдісі қалай өтіп жатқанын айтып отыруды жөн көрген.

Бұл жолы Әбдікәрімова Instagram желісі арқылы халыққа жақсы жаңалық жария етті. Ол баласына жасалған отаның сәтті өткенін жеткізді.

"Жүрек катетеризациясы сәтті өтті. Нарұлды жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды", - деді Жұлдыз.
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Оған қоса, актриса ұлымен тілдесіп үлгерген. Баласы жағдайы жақсы екенін және өзі жүріп жүргенін айтқан.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-і
Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939620-zansaqtau-boliminen-syqty-abdikarimova-ulynyn-otadan-keiingi-zagdaiymen-bolisti/