Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық образдағы Аружан Жазылбекова ерлер қауымын өзіне қаратты (фото, видео)

Опубликовано:

Аружан Жазылбекова
Фото: Instagram/arujazz

Қазақстандық танымал актриса Аружан Жазылбекова желіде ерекше образымен бөлісіп, ерлер қауымын естен тандырды. Желідегілер өнер иесінің мінсіз мүсініне тамсанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аружан Жазылбекова жақын досының туған күн кешінде барша қонақтарды өзіне қаратты. Актриса арнайы орнатылған сахнада ел алдында ашық образбен жүріп өткен. Көпшілік өнер иесін бірден әйгілі "Victoria`s Secret" модельдеріне ұқсатты.

Киножұлдыздың өзі ерекше стильде өткен туған күн кешінен керемет әсер алғанын айтады.

"Биікте ұшатын құс. Абдель досым, мен бұл мерекені ешқашан ұмытпаймын", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Жазылбекованың образын ұнатып қалған.

"Көз алу мүмкін емес", "Мінсізсің", "Не деген сұлусың", "Құдды америкалық модельдер секілді", "Топмодельдерден еш жері кем емес", "Әлемдегі ең сұлу ару", "Сіздің мұндай образда көремін деп ойламаппын", "Ең әдемі періште", "Victoris`s Secret" моделі секілді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939859-asyq-obrazdagy-aruzan-zazylbekova-erler-qauymyn-ozine-qaratty-foto-video/

pixel