Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдан сағат жасап саттым": Жұлдыз Өмірғали карантин кезінде немен айналысқанын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали карантин уақытында концерттерден қағылып, басты табыс көзінен айырылған. Алайда, соған қарамастан Айқынның жолдасы ақша табудың басқа амалын тапқан. Ол қолдан сағат жасап, оны халыққа сатқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Өмірғали қолөнердің бұл түрімен айналысқанды қатты ұнататынын жасырмады. Ол болашақта үйі салынып біткен жағдайда, оның ішіне өзі қолдан жасаған сағаттары мен суреттерін іліп қоюды армандайды.

Оған қоса, әнші бұл өнерін дамыту үшін бүгінде кәсіби түрде білім алуда.

"Қызға 7 өнер де аз. Уақыт қалай тез өтеді? Мына фотоға түскеніме дәл 1 жыл болыпты. Карантин кезінде концерт жоқ, түсірілім жоқ, өзімнің хоббиімді іздеп тігінді де көрдім, резинартты да көрдім. Резинартты бір жасап көргенен қатты ұнап қалған болатын. Сол кезде бірден үйрене салып тоқтамай, өзіме де, сатылымға да жасап, 20-30 шақты сағаттарды сатып та үлгерген болатынмын. Сұраныс көп болды.
Карантин бітті, жұмыс қызу басталды. Күнде түсірілім, концерт, дайындық деп бұл хоббиімді ысырып қойғанмын, енді қайтадан қолыма алып жатырмын. Кәсіби түрде білім алудамын қайтадан. Алла қаласа үлкен үйіміз дайын болғанда үйіме барлық картина, сағат, ыдыстарды өзім үйлестіріп жасағым келеді. Осы ой маған ұйқы бермеді. Ойлаңызшы, үйіңіз сіз жасаған сурет пен сағатқа толып тұрса, күшті емес па? Сонымен маған сәттілік тілеп қойыңыздар", - деп жазды Жұлдыз Өмірғали Instagram парақшасында..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939863-qoldan-sagat-zasap-sattym-zuldyz-omirgali-karantin-kezinde-nemen-ainalysqanyn-aitty/

pixel