Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол туралы кино түсіру керек": Тәуекел Мүсілім марқұм әкесіне қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim.: Instagram

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім әкесі жайлы сөз қозғады. Өнер иесі алдағы уақытта ол туралы кино таспалауға ниеті бар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәуекел Мүсілім Instagram желісінде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі актердің әкесі туралы білгісі келген. Алайда, Тәуекел бұл сұраққа қысқа жауап берді. Өнер иесі болашақта әкесінің құрметіне фильм таспалауға ниетті екенін жеткізді.

"Ол кісі туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ал одан да күштісі, ол туралы кино түсіру керек. Бұйырса" , - деді ол.

Сонымен қатар, киножұлдыз өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өз ақыл-кеңесін берді. Ол жастарға мотивация ретінде әкесінің айтқан сөздерін келтірді.

"Ертеңгі күн - білімділердің күні. Сондықтан білім қуыңдар" дейтін" , - деп жазды актер.
Тәуекел Мүсілімнің Stories-і
Скриншот: Instagram/mussilim

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939926-ol-turaly-kino-tusiru-kerek-tauekel-musilim-marqum-akesine-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/

pixel