Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұрасаң ғана ойнайсың деді": Нұрболхан Шарапов Есен Елеукенге не себепті өкпелі

Опубликовано:

Нұрболхан Шарапов
Нұрболхан Шарапов. Фото: instagram.com/nurbolkhan_sharap/

Белгілі жайдарманшы Нұрболхан Шарапов Есен Елеукенмен арадағы кикілжің туралы айтты. Аман Тасығанға берген сұхбатында әзілкеш бір жылдары өнердегі ағасымен ренжісіп қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат кезінде Нұрболхан "Жайдармандағы" мансабы, табысы және ондағы есте қалған сәттерін еске алды. Бұдан бірнеше жыл бұрын әзілкеш "Демеушіміз болашақ" деп аталатын жайдарман тобын құрып, өнер көрсеткен. Аталған команданың әзілдері көптің көңілінен шығып, тіпті фанаттары да болған-ды. Айтуынша, бұл команданы құру туралы идеяны оған Есен Елеукен ұсынған.

"Мен экспериментті жақсы көремін. Әр жерде бір фишкамен есте қалуға тырысатынмын. "Демеушіміз болашақтың" идеясы Есен ағадан келді. Ол кісілер "Қуырдақ" деген бағдарлама түсіріп жатқанда, мені шақырды. "Сен де актер ретінде кел", - деді. Ол кезде Есен ағаның өзі шақырды деген үлкен мәртебе еді. Заттарымды жинай салып, Астанаға ұштым. Ол бағдарлама бір жылдай уақыт бойы эфирге шықпады. Бір жылдай тегін жұмыс істедім.

Әкем ауырып қалған кезде 50 мың алғаным есімде қалыпты. Оған дейін бір жыл жұмыс істедім. Сөйтіп жүрген кезде "Аграркадағы" Дәулет есімді ағамыз қатты көмектесті, Алмас Тоқабаевтың үйінде үш ай тұрдым. Бір күні Дәулет аға "ақша тап, тым болмаса тойға шық" деп, мені шақырды. Күнделікті 5-10 мың тауып жүрдім. Бір күні Дәулет аға "енді асабалықты көрші" деп, тойда бір тілек айтқызды. Ол кезде жанып тұрған кез. Күштілеп тұрып айттым. Содан асабалыққа кеттім.

Сөйтіп жүргенде Есен аға Ресейде үш қызбен өнер көрсететін команда барын айтып, маған сондай бір топ құруды ұсынды. Осылайша, "Демеушіміз болашақ" құрылды", - дейді ол.

Айтуынша, "Демеушіміз болашақ" үш жыл қатарынан "Жайдарманға" қатысқан. Дегенмен, жүлделі орынға ие бола алмапты. Бұған қатысты актер "еш өкінішім" жоқ деп жауап берді.

Дегенмен, Есен Елеукеннен көңілі қалған сәттері де барын жоққа шығарған жоқ. Ол арада реніш болғанын, соның салдарынан тіпті кей фестивальдардан шеттетіліп қала жаздағанын айтты.

"Есен ағамен кетер кезде кикілжің болып қалды. Бірдеңеге қатысты ұрсысып қалдық. Не екені есімде жоқ. Ішкі "кухняда" бір жайттарға байланысты болар. 2015-те фестиваль болатын кезде, "қатыспайсыңдар, кешірім сұра, сосын ойнайсың" деді. Кешірім сұрадым, ойнадық. Бірақ, маусымға өтпедік. 2016-да "Әкім кубогы" болды. Оған қатыстық. 2017-де КТА-ға кеттім. Қатты кеткен жоқпыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939934-kesirim-surasan-gana-oinaisyn-dedi-nurbolxan-sarapov-esen-eleukenge-ne-sebepti-okpeli/

pixel