Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ажырасып кеткен Шәріп Серік ата-анасымен әсерлі видео жариялады

Жарияланған күні:

Шәріп Серік ата-анасымен
Видеодан кадр: Instagram/shakentii

Отандық танымал актер Шәріп Серік желіде ата-анасымен түскен әсерлі видеомен бөлісті. Оқырмандар өнер иесінің терең мағыналы бейнежазбасына жоғары бағасын берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осы жылы сүйіктісі Say Mo-мен заңды түрде ажырасып кеткен Шәріп Серіктің өмірі бүгінде елдің жіті назарында. Желі қолданушылары ауыр кезеңді басынан өткерген актердің әр қадамын бақылайды.

Осы орайда, өнер иесі Instagram парақшасында жаңа видеоны жариялады. Ол өмірлік мәні бар аса әсерлі бейнежазба түсіріп, ел назарына ұсынған. Бір ерекшелігі, онда әртістің ата-анасы да бой көрсетіпті.

Желідегілер тәрбиелік мәні бар видеоға оң бағасын берді. Олар актерге жылы лебіздерін білдіріп, оны қолдап жатты.

"Отбасы - бірінші орында", "Өте терең мағыналы видео", "Кім не десе де, отбасы әркез бірінші орында болу керек. Жарайсың Шакенти", "Адамның күші оның отбасында", "Ата-анаң мен жақындарыңнан басқа ешкімге керек те емессің", "Сен көтерілген кезде, ақшаң барда бәрі қасыңда. Ал кедей болсаң, қасыңнан қолдау білдіретін ата-анаң ғана табылады", "Ата-ананы барда қадірлеу керек. Өте дұрыс бейнежазба болды", "Жарайсың, тәрбиелік мәні зор", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939947-azyrasyp-ketken-sarip-serik-ata-anasymen-aserli-video-zariyalady/