Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қызды көлікке күштеп отырғызған видеосы тарап кетті

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып жатқан видеосы тарап кетті. Аталмыш бейнежазба бірден шу тудырып, халықтың қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың қатысуымен болған видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбада әншінің белгісіз қызды көлікке отырғызып жатқаны көрініс тапты.

Өнер иесін жолда кетіп бара жатқан өзге көлік жүргізушісі камераға түсіріп алған. Видеоға сәйкес, оқиға жаз мезгілінде болғанға ұқсайды.

Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кезедеседі.

ExpressK басылымының мәліметінше, Гүлзира Айдарекова видеодағы арудың кім екенін айтқан. Ол бейнежазбада бой көрсеткен қыздың келіні Жұлдыз Әбдукәрімова екенін жеткізді. Продюсер мұны дауға айналдырған желі қолданушыларына қатты ашуланды.

"Бейнежазба желіде жарияланып кетіпті. Бұл қыз менің келінім Жұлдыз Әбдукәрімова. Екеуі жиі келіспей қалады" , - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары әртістің әрекетін қатаң сынға алды. Олар Қайрат Нұртастың бұл қылығы аса ерсі болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940055-zelide-qairat-nurtastyn-beitanys-qyzdy-kolikke-kustep-otyrgyzgan-videosy-tarap-ketti/

pixel