Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаратылысы бөлек, ерекше тұлға": Сәдуақасова Азамат Сатыбалдыға жазба арнады

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова мен Азамат Сатыбалды
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өнердегі әріптесі Азамат Сатыбалдыны туған күнімен ерекше құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram желісінде оған жазба арнап, өз ақ тілегін жолдаған. Мадина актермен замандас әрі дос болғанына қатты қуанатынын жасырмады.

Ол Азамат Сатыбалдыны жаратылысы бөлек, ерекше тұлға деп атады.

"Бүгін Азамат Сатыбалды деген досымның туған күні ! Өзіңдей жанмен замандас болған бір бақыт, Ази! Жаратылысы бөлек, ерекше тұлғасың. Өзіңе деген құрметім де, достық махаббатым да шексіз! Шарықтай бер, тек алға", - деп жазды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары да әртістің құттықтауына қосылып, туған күн иесіне өз тілектерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940080-zaratylysy-bolek-erekse-tulga-saduaqasova-azamat-satybaldyga-zazba-arnady/

pixel