Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің мотивациям": Қыздарымен суретке түскен Арман Қоңырбаев елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев қызымен
Фото: Instagram/armankonyr

Қазақстандық танымал әнші Арман Қоңырбаев желіде қос қызымен түскен суретін жариялап, елдің жылы лебіздеріне ие болды. Әнші перзенттері өзі үшін басты мотивация екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Қоңырбаев көпшілікті тәнті еткен фотомен Instagram парақшасында бөліскен. Онда жұлдызды әке екі қызымен бірге тұрғанын көруге болады.

"Менің мотивациям, менің тәттілерім", - деген жазба қалдырды өнер иесі.

Желі қолданушылары әкесі мен перзенттерінің ерекше суретіне тамсанып, оларға ыстық ықыласын білдірген.

Ал кейбір оқырмандар Аша мен Арманның арақатынасын қызу талқылап, олардың тағы да бірге емес екеніне қатысты болжамдарын айтты.

"Екеуі де көрікті. Әкелеріне қатты ұқсайды екен", "Енді арттарынан ұл бала ерсін", "Қандай қамқор әке. Балапандарыңыздың қызықтарына тоймай жүре беріңіз", "Папасының қыздары", "Екеуі де Арманға ұқсаған екен", "Ашамен бірге тұрмайтын сияқты. Өмірі бірге суретке түспейді", "Аша қыздарың үшін қосылшы", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940301-menin-motivaciyam-qyzdarymen-suretke-tusken-arman-qonyrbaev-eldi-tanti-etti-foto/

pixel