Қабатов жол апатынан қайтыс болған адамның отбасына 4 млн теңгені неге төлемей жүр
Жарияланған күні:
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның көмекшісі адам өліміне алып келген жол апатына қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Оқиға 2019 жылдың қазан айында болған. Қабатовтың көмекшісі Қарағанды — Нұр-Сұлтан тас жолында 34 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Тұрсынбек жол апатынан қайтыс болған отбасыға өтемақы ретінде 8 миллион теңге төлеуі тиіс еді. Алайда әзілкеш соманың жартысы 4 миллион теңгені ғана төлеген. Оның көмекшісі кінәсін мойындамай отыр. Көмекшісінің айтуынша, жол апатынан көз жұмған адам мас болған әрі қараңғыда тас жолға өзі жүгіріп шыққан. Апелляциялық сот Нұр-Сұлтанда өтті.
"Адвокаттар сотталушының кінәсін дәлелдемегені үшін Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша ақтау және Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша жазаны жеңілдету туралы өтінішін қолдайды. Жол апатынан қаза тапқан адам мас күйінде жолдың ортасына өзі жүгіріп шыққан. Алайда жол апаты кезінде адам өліміне алып келген жағдайда сотталушының жол ережесін өрескел бұзуы ақталуына негіз бола алмайды", — дейді адвокат Әділхан Шайхисламов.
Осылайша Тұрсынбек Қабатовтың талап-арызы қанағаттандырылған жоқ.
Express Qazaqstan тілшілері жағдайдың мән-жайын білу үшін әзілкештің өзіне хабарласуға тырысқан. Алайда, ол тұтқасын көтермеген.
Ал көмекшісі аталмыш шағым жайлы бейхабар екенін айтып, Қабатовтың қалада емес екенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940366-tursynbek-qabatov-zol-apatynan-qaitys-bolgan-adamnyn-otbasyna-4-mln-tengeni-tolemei-zur/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.