"Мені өлтіре алмай жүрген кім?": Жазира Байырбекова елді дүрліктірген ақпаратқа пікір білдірді
Жарияланған күні:
Эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова өзі туралы жалған ақпарат таратып, желіні дүрліктіргендерге өз ренішін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әнші өз ренішін Instagram парақшасында жеткізді. Оқырмандарына желіде тараған ақпараттың скринін бөліскен жұлдыз жанайқайын айтты.
"Екінші суретті қараңыздаршы. Мұндай жалған ақпарат таратып жүргендері бірінші рет емес. Дұшпаным жоқ сияқты еді… Адам баласымен ұрсысып, ренжіскенім де есімде жоқ. Мені өлтіре алмай жүрген кім екен?", - деп кейіді ол.
Айта кету керек, желіде "әлдебір жұлдыздың өмірден өткені туралы" фейк ақпарат тарататындар аз емес. Бұған дейін, Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина, Ескендір Хасанғалиев сынды қазақ жұлдыздарына қатысты дәл осындай ақпарат тарап, елді дүрліктірген болатын.
Бұған қатысты халық әртісі Роза Рымбаева пікір білдіріп, жалған ақпарат таратқандарды қамап, жазалау керек деп санайтынын айтқан. Ал әнші Қарақат Әбілдина өзіне қатысты оқиғаны мысал ретінде келтіріп, заңды қатаңдатуға қатысты ойын білдірген болатын.
"Жалған ақпарат таратушылар тағы да сандырақтап, ойына келгенін айтпауы үшін оларды тұтқындап, жазалау керек. Жақында мен де құзырлы органдарға арыз жаздым. Менің атымнан ақша жинап жатқандарды сотқа бердім. Содан кейін қорыққан болар, бұл әрекетін қойды. Олар елден 10 мың теңгеден жинап, пәтер, зат ұтып аласыздар деген болатын", - деген болатын Роза Рымбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940578-meni-oltire-almai-zurgen-kim-zazira-baiyrbekova-eldi-durliktirgen-aqparatqa-pikir-bildirdi/