jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

    Тұрсынбек Қабатов
    Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi

    Тұрсынбек Қабатов 31- арнаның ойын-сауық бағдарламалары продюсері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл жаңалықты әзілкештің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

    "Құрметті достар, жағымды жаңалығымды бөлісейін. Өмірімнің өрнегі - шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31- арнаның ойын-сауық бағдарламалары продюсері қызметіне кірісемін.

    Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды тележобаларды іске асыруға үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым", - деп жазды ол.

    Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.