Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырдың хас сұлуы": Ерекше образдағы Мәдина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова желіде жаңа фотосессиясымен бөлісті. Өнер иесінің ерекше образы бірден көзге түсіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жаңа суреттерін жариялап, өмір жайлы ой-толғауымен бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы уақытта кері қарай айналдырғысы келмейтінін алға тартып, бүгінгі күніне шүкір етті.

"Уақытты кері қарай айналдырғыңыз келеді ма?" деген сұраққа жауап мынадай: Жоқ! Қазіргі жасым, өмірім, қасымдағы серігім, қазіргі таңдағы жетістігіме абыройыма, атағыма шүкір деп, болашақтан тағы да үлкен кереметтерді күтудемін! Ата-анам, бауырларым, отбасым, сіздер - адал жанкүйерлерім бар! Сол себепті, кереметтің барлығы болашақта", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әртістің бұл жауабына риза болып, оған қолдау білдірді. Сонымен қатар, олар Сәдуақасованың ерекше образына тәнті болып, өз пікірлерін жаудырған.

"Қартаймайды екенсіз. Сол баяғы Мәдина", "Сұлусыз, нағыз клеопатра секілді", "Күннен күнге жасарып, сізге таңғалудан шаршамай келемін", "Сен әншіліктен гөрі модель болуға лайықтысың. Шетелден шақырту алсаң, бірден келісім-шартқа отыр", "Махаббат туралы ән айтудан жалықпаңыз, ән арқылы адамдардың журегіне махаббат ұялатасыз. Шырқай беріңіз", "Шашыңыз жарасып тұр", "Отсыз", "Сырдың хас сұлуы", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1940689-syrdyn-xas-suluy-erekse-obrazdagy-madina-saduaqasova-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel