jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мейрамбек Бесбаев 45 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Мейрамбек Бесбаев
Фото: Instagram/nurbullin

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев 45 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Өнер иесінің туған күніне оның жақындары мен жұлдызды достары тегіс келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мейрамбек Бесбаев жаңа жасын оңтүстік астананың қымбат мейрамханаларының бірінде атап өткен. Ол туған күніне орай шағын той ұйымдастырып, онда барша жақындарын шақырған.

Әншінің қуанышына Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Ернар Айдар, Мәдина Сәдуақасова, Нұрболат Абдуллин, Қайрат Нұртас, Айгүл Иманбаева, Арман Дүйсенов, Сейфуллин Жолбарыс, Алтынбек Қоразбаев және тағы да басқа өнер жұлдыздары жиналған.

Қонақтардың арасында Нұрболат Абдуллин де жұбайымен бой көрсеткен.

Бесбаевтың туған күн кеші қалай өткенін әлеуметтік желілерден көруге болады. Жұлдызды қонақтар Instagram парақшаларында мерекелік шараның суреттері мен видеоларын белсенді түрде бөлісіп жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.