Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар Бесбаевтың туған күніне "алтын" самаурын тарту етті (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев пен Тамара Асар
Фото: Instagram/tamara_assar_official

Отандық танымал әнші Тамара Асар өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевты туған күнімен ерекше құттықтап, оған аса бағалы сыйлық тарту етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асар Бесбаевтың туған күніне өзі бара алмаса да, әншіге сыйлығын беріп жіберген. Ол өнердегі әріптесінің 45 жасқа толуына орай алтын жалатылған самаурын сыйлаған.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы туған күн иесіне деген ақ тілегін де жолдай кеткен. Тамара Асар Instagram парақшасында Мейрамбек Бесбаевқа жазба арнап, оны жаңа жасымен құттықтады.

"Қазақтың маңдайына біткен "ән жүрегі" -Мейрамбегі, Мирошы. Туған күнің құтты болсын, досым. Сен ән салғанда жүректердің пернелеріне жан бітеді. Сенің әніңді тыңдаған пенденің санасы мейірімге шомылып, айналасына шуақ шаша бастайды.
Сенің әнің, сенің әнің сан сезімді ақтарсын,
Сенің үнің, сенің үнің жүректерде сақталсын!
"Ән жүрегі" - Мейрамбегі қазақтың!
Тойға келесі жолы барамыз Алла қаласа, шақыртуыңды алдық. Рахмет. Әзірге бөпеміз екеуміз сторис тамашалаймыз. Қамбар сыйлықты жеткізеді, бұйырса", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941013-tamara-asar-besbaevtyn-tugan-kunine-altyn-samauryn-syilady-video/

pixel