Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хақназардың мамасы": Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың жас жұбайын елге көрсетті

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева мен Динара Абдуллина
Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева желіде бұрынғы жолдасы Сәбит Әбдіхалықовтың жары Динара Абдуллинамен түскен видеосын жариялады. Актердің қос келіншегі бой көрсеткен бейнежазба ел арасында қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева күні кеше өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевтың туған күніне барып, онда бұрынғы күйеуі мен оның келіншегін жолықтырған.

Актриса Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасып кетсе де, онымен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған. Иманбаева тіпті оның жас жұбайы Динара Абдуллинамен де араласатын болып шықты.

Өнер иесі Мейрамбектің туған күнінде онымен бірге видео түсіріп, қалың көпшілікке таныстырды. Айгүл Иманбаева Абдуллинаны көргеніне аса қуанышты екенін айтып, келіншектің бетінен сүйіп алды.

Желіде тарап кеткен бұл видеоны халық қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

"Тағы үшеуі қосылып ән айтсын", "Айгүл Сәбиттің келіншектерімен араласып үйренген ғой", "Күйеуінің үшінші әйелін сонша сүйді ғой", "Бетінен сүймей-ақ қойса да болады ғой", "Бетін сүйгені өте артық енді", "Айгүл жарайсың, мықты әйел", "Кішкене болса да, өзін сыйласа дұрыс болар еді, намысты болған дұрыс", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941073-xaqnazardyn-mamasy-aigul-imanbaeva-sabit-abdixalyqovtyn-zas-zubaiyn-elge-korsetti/

pixel