Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Масқара": Алтынай Жолдыбаева ашық фотосымен желіні шулатты (фото)

Опубликовано:

Алтынай Жолдыбаева
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева желіде ашық суретін жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Өнер иесі бүгінде әпкесімен Тайландта демалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жолдыбаева демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram парақшасында белсенді түрде көрсетуде. Актриса желіде ыстық мекеннен фото және бейнежазбаларды аянбай жариялап жатыр.

Бұл жолы өннер иесі жағажайда түскен суретімен бөлісіп, қалың көпшілікті тағы да өзіне қаратты. Онда әнші арудың ашық образда құмда отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден оны қызу талқылап, өз пікірлерін жазды. Оқырмандардың бір бөлігі Жолдыбаеваның мінсіз мүсініне тәнті болса, енді бірі оның қылығын аса ерсі деп санайды.

"Масқара, сөз қалмады. Күннен күнге жалаңаштанып бара жатыр", "Қазақ қызына сай қылық емес", "Ұят деген қайда кетті", "Ашық образдарға құмарланып кеткен", "Мінсіз мүсінді ару. Мұндай денеге қол жеткізу оңай шаруа емес. Қаншама еңбек жатыр", "Жарайсың Алтынай. Дене сымбатыңа ерекше көңіл бөлетінің көрініп тұр", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941098-masqara-altynai-zoldybaeva-asyq-fotosymen-zelini-sulatty-foto/

pixel