Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар қызының бір жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Жарияланған күні:

Ернар Айдар жары мен қызымен
Фото: Instagram/ foto_cadrov

Отандық танымал әнші Ернар Айдар қызының бір жасқа толуына орай дастархан жайып, барша жақындарының басын қосқан. Өнер иесі тұңғышының тұсаукесер тойын өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ернар Айдар қызының туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде атап өткен. Эстрада жұлдызы перзентінің алғашқы жеке мерекесіне туған-туыстарын және өнердегі бірқатар тұлғаларды шақырған.

Олардың қатарында сыйлы қонақ ретінде - Мейрамбек Бесбаев болған. "МузАрт" әншісі бір жасқа толған Айымның кіндік әкесі. Осыған орай, Ернар Айдар баласының тұсауын кесуді Мейрамбектің жары Мархабатқа сеніп тапсырған.

Желіде дүбірлі тойдың фото және видеолары тарап кетті. Олардың бірінде Мархабаттың Айымның тұсауын кесіп жатқаны көрініс тапты.

Желі қолданушылары жас ата-ананы қуанышымен құттықтап, өз ақ тілектерін білдіріп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941217-ernar-aidar-qyzynyn-bir-zasqa-toluyn-durkiretip-atap-otti-foto-video/