Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік шоуда "Камызяки" командасының жігіттері сүйіскен: Қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Әртістер
Видеодан кадр: ТНТ

ТНТ арнасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті шешімді Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігі "Игра" комедиялық шоуының эпизодтарының біріндегі әрекет үшін қабылдаған. Онда ер адамдар сүйіскен.

Ресми мәлімдемеде бұл істі Ресей Федерациясы әкімшілік кодексінің 6.21-бабы ("Дәстүрлі емес жыныстық қатынасты кәмелетке толмағандар арасында насихаттау") бойынша Ресейдің ішкі істер министрлігі Мәскеу қаласының Тверь ауданы бойынша департаментінің уәкілетті қызметкері қозғағаны атап өтілген. Бұл туралы MK ақпараттық порталы хабарлайды.

Бұған дейін Азамат Мұсағалиевтің жетекшілігімен "Камызяки" командасы шоуда үздік шыққан еді. Олардың өнерін көпшілік талқыға салған.

Себебі, қойылым кезінде қалыңдықтың образындағы танымал актер Денис Дорохов пен күйеу жігіттің рөлін сомдап тұрған әріптесі сүйіскен.

Залда отырған көрермендердің басым бөлігін бұл сәт таңғалдырды.

Көп ұзамай мемлекеттік Думаның депутаттары прокуратураға жүгінуге ниетті екенін мәлімдеді.

Ескерту: Видеода бейәдеп кадрлар кездеседі. Кәмелет жасына толмағандарға қарау ұсынылмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941451-reseilik-souda-kamyzyaki-komandasynyn-zigitteri-suiisken-iim-pikir-bildirdi/

pixel