Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойларына келгенін істейді": Толымбек Әлімбекұлы отандық театрларды қатаң сынға алды

Жарияланған күні:

Толымбек Әлібекұлы
Толымбек Әлібекұлы. Фото: YouTube/Менің өмірім

Танымал қазақ сатиригі Толымбек Әлімбекұлы Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында отандық театрларға деген көзқарасын жеткізді. Ол қазіргі театрлардың ешқайсысына көңілі толмайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Толымбек Әлімбекұлының пікірінше, қазіргі таңда қазақ сатирасы ақсап тұр. Бұған тиісті қадағалаудың жоқтығы, бұрынғыдай көркемдік кеңестің болмауы, сонымен бірге жас буынның аға буын өкілдерін керек етпеуі себеп болып отыр деп есептейді ол.

"Сатираға көңілім толмайтыны рас. Не көп - театр көп. Таяқты тастап жіберсең, театрға тиеді. Бұрынғыдай көркемдік кеңес жоқ. Мен бұл туралы мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловаға хат жаздым. Көркемдік кеңесті құру керек. Оның мүшелері болуға лайықты кісілердің де аты-жөнін тізіп, хат жазып жібердім. Жауап келді. "Қазір бұл театрлардың барлығы жеке меншік болып кеткен. Оларға біздің құзырымыз, билігіміз жүрмейді", депті.

Театрлардың барлығы жеке-жеке мемлекет болып алған екен ғой. Оған ешкімнің тұмсығы өтпейді, билігі жүрмейді. Сол себептен де бұрын жалғыз "Тамаша" бар еді, соның көрермені те көп еді. Соған құмартатынбыз. Оған жазғанымызды Көркемдік кеңес қабылдайтын. Содан өткенде ғана барып сахналанатын. Қазір Көркемдік кеңес те, автор да, ойнайтын да, тіпті көрермен де автордың өзі. Ойларына келгенін істеп, сахнада ыржақтап жүреді, әйтеуір. Өздері күлмесе, ешкім күлмейді", - дейді ол.

Белгілі сатириктің айтуынша, қазір тіпті оған сапалы әзіл жазып бер деп қолқа салатындардың қарасы азайған.

"Әзілдеріне көңілім толмайды. Ешқандай театрға көңілім толмайды. Шынын айтсам, ауыз толтырып айттатын театр жоқ. "Тамашаның" өзі әлсіреп кетті. Бұрынғыдай Лұқпан ағамыздың қатаң сыны жоқ. Ешқайсының авторы да емеспін. Мені керек қып жүрген, жазып бер деп қолқа салып жүрген де ешкім жоқ. Айтса айта берсін деген меңіреу болдық", - деп өз назын білдірді ол.

"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941454-oilaryna-kelgenin-isteidi-tolymbek-alibekuly-otandyq-teatrlardy-qatan-synga-aldy/