Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені ғұмыр бойы іздегенмін": Түсіпбаева жазбасымен елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/ meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі махаббат жайлы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында гүл шоқтарымен түскен суретін бөлісіп, әсерлі жазба қалдырды.

Шоу-бизнес жұлдызы "мен сені ғұмыр бойы іздегенмін" деп жазып қойған. Алайда, сезімге толы бұл сөздері нақты кімге арналғаны белгісіз.

Желі қолданушылары әнші үшін аса қатты қуанып, оған бақыт тіледі.

"Тапсаң болды, бақытты бол", "Меруерт, әйел бақытын тілеймін", "Сұлу әрі жас болып жүре бер. Бақытты бол, сүйікті әншім", " Сүйгеніңді тапсаң, біз қуаныштымыз. Сен бақытты болуға әбден лайық жансың", "Не деген сөздер. Бұл махаббатқа кім лайық болған екен?", "Сүйіктіңізді қашан көрсетесіз?", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941459-seni-gumyr-boiy-izdegenmin-tusipbaeva-zazbasymen-eldi-oilandyryp-qoidy/

pixel