jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Танысатын сәт келді": Ернар Айдар алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті (фото)

    Ернар Айдар отбасымен
    Фото: Instagram/ernaraidar_kz

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар өз жанұясын көпшілікке таныстырды. Әнші алғаш рет халыққа жары мен қос қызын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ернар Айдар Instagram парақшасында бұрын-соңды жарияламаған отбасылық суреттерімен бөлісіп, елді сүйсінтті. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын әнші бұл жолы жанұясын көпшілікке көрсетуді жөн көрген.

    Белгілі болғандай, эстрада жұлдызының екі қызы бар екен. Үлкені - Айшолпан, ал кішісі - Айым. Әртістің жарының есімі - Мәдина.

    "Алланың қалауымен, таныстыратын сәт келген сияқты. Бұл менің отбасым, Аллаға шүкір. Жан жарым, махаббатым - Мәдина. Үлкені, әжесінің қызы - Айшолпан екі жастан асты. Кішкентайымыз - Айым. Ол бір жасқа толды.
    Ардақты ағайын, көпшілігіңізге белгілі былтырғы жылы тура Мейрамбек ағамның туған күні - 7 қарашада Айым қызымыз дүниеге келіп, Мейрамбек ағам мен Мархабат жеңгем кіндік ата-анасы болып қатты қуантып еді. Аллаға шүкір, Айым қызымыз бір жасқа толып, ақ тілектерін тыңдау мақсатында кішігірім ағайын-туыс, аға, дос-бауырлардың басын қосқан болатынбыз.
    Өздеріңіз көріп-біліп отырғандай, Мейрамбек ағам ақ батасын беріп, Мархабат жеңгем тұсауын кесіп берді", - деп жазды Ернар Айдар.

    "Танысатын сәт келді": Ернар Айдар алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram