Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус жайында: Дұрыс жүргізілген саясаттың арқасында жағдай тұрақтанды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус мәселесіне қатысты тағы да пікір білдірді. Бұл жолы ақпарат өкілі денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың саясатына жоғары бағасын берді. Оның сөзінше, министрлік басшысының арқасында республикадағы жағдай тұрақтана түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы эпидемиологиялық жағдай тақырыбын Instagram парақшасында көтерді. Тележүргізуші Жапония мен Ресейдегі пандемияны салыстырды.

"Маңызды ақпарат! Бүгін бірінші рет Жапонияда ковидтан адам өлімі тіркелмеді. Ал көрші Ресейде ковидтің 4-ші толқыны басталып, күніне шамамен мыңнан аса адам көз жұмуда. Украинада жағдай мәз емес. Бізде орта есеппен тәулігіне 20 адам көз жұмуда. 

Эмоциядан бөлек, билікке сенімсіздік танытсаңыз да, Цой ұнаса да, ұнамаса да дұрыс жүргізілген саясат арқасында ақырындап ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді.

Вакцинация туралы қолжетімді ақпарат, дәрігерлердің орасан зор еңбегі, мамандармен шынайы сұхбат, фейк ақпараттармен күрес, штабтың өңірлердегі жұмысы біздегі жағдайды тұрақтандырды. Құдайға шүкір. Әйтпесе күніне 150 адамның қайтыс болуы деген не сұмдық?! Олар біріміздің бауырымыз, енді біріміздің туысымыз, көршіміз емес пе?!

Қараша айының соңында басталатын ревакцинацияда тек 1-ші дозасы салынады. Ескерту: паспортыңыздағы ақпарат ауыспайды, тек 3-ші рет осындай вакцина салынды деген сөз қосылады. Егер де Америка, Еуропаға шыққыңыз келсе Phizer-дің екі компонентін салуыңыз қажет. Ал елімізде Pfizer бірінші аяғы ауыр, емізулі келіншектер мен ата-ана рұқсатымен балаларға салынады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941652-laila-sultanqyzy-ministrdin-arqasynda-eldegi-zagdai-turaqtandy/

pixel