Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әзілкеш Нұрболхан Шараповтың жұбайы Түркияда егіз босанды

Жарияланған күні:

Нұрболхан Шарапов
Нұрболхан Шарапов: instagram.com/nurbolkhan_sharap/

Жайдарманшы Нұрболат Шарапов егіздердің әкесі атанды. Бұл туралы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева хабарлап, елден сүйінші сұрады.

Бұған дейін Нұрболхан Шарапов желідегі парақшасында Түркияда отбасымен жүргенін халыққа жеткізген. Алайда әзілкештің аяғы ауыр жұбайы келіншегі елден жырақта босанып қалыпты. Айта кетерлігі, ол егіз қызды өмірге әкелген. Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева айтты.

"Ыстанбұл уақытымен сағат 9:00, Қазақстан уақытымен сағат түнгі он екі. Керемет сүйінші жаңалық. Нұрболханның келіншегі дәл қазір егіз қызды дүниеге әкелді", - деді ол.

Артынша Нұрболханның өзі де отбасындағы ты жаңалығы туралы жазды.

"Ойламаған жерден егiз қызым Стамбулда дүниеге келдi. Ендi менде үш қыз. Алла бере салғандарым! Жағдай қалай болғанын жазуға уақыт болмай тұр. Әзiрге құттықтау жаза берiңiздершi. Сосын, арнайы пост жазып түсiндiрермiн. Сәби сүйгiсi кеп жүргендерге егiзiмен бұйырсын! Аллаға шүкiр, қуаныштымын!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942118-otandyq-azilkes-nurbolxan-sarapovtyn-zubaiy-turkiyada-egiz-bosandy/