Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тележүргізуші Анна Данченко ата-анасына Алматыдан пәтер сыйлады

Жарияланған күні:

Анна Данченко
Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко ата-анасына оңтүстік астанадан пәтер сатып алып берді. Журналист аталмыш баспананың кілтін табыстау сәтін әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анна Данченко ата-анасына сыйлаған үйдің кілтін өткен жылы алған. Алайда, ақпарат өкілі бір жыл бойы онда жөндеу және құрылыс жұмыстарын жұмыстарын жүргізгендіктен, бұл жаңалығын құпияда ұстауды жөн көрген.

"Бір жыл бұрын дәл осы күні мен ата-анама сатып алған пәтердің кілті қолыма тиді. Бір жыл бойы мен бұл жаңалықты құпияда ұстап, бір жыл бойы жалғыз өзім құрылыс әрі жөндеу жұмыстарын жасадым.

Керемет дизайнер, құрылысшылардан құралған топты тауып, "арманымды жүзеге асыруға" тырыстым. Жалпы, құрылыстан хабары бар адам мені жақсы түсінеді деп ойлаймын. Күндіз - эфир, кешке - стройка. Енді мен қай құрылыс дүкенінде қандай зат сатылатынын, оның бағасы қанша екенін жақсы білемін.

Қиындықсыз да болмады. Арасында алдап кеткен кісілер де болды. Қалаған жиhазды алу, дизайн бойынша ремонт жасау - барлығы ақшаға келіп тіріледі. Бірақ, шүкір, әке-шешем мені еңбекқорлыққа үйретті. Жұмыс жасадым, қаражат жинадым. Бір жылда арманымды жүзеге асырдым. Жазда ауылдан ата-анам келді. Бауырларымды Ресейден шақыртып алдым, "көп көріспедік, келіңдер" деп әрең көндірдім. Тосынсый жасаудың уақыты келді. Түрім шаршап кеткен, уайым. Құрбым Мира көмекке келді. Жоспар құрдық. Мира үйшілерді үйіне қонаққа шақырды. Бірақ есік ашылатын сәт келіп жеткенде әкешім мен анашым өз үйлерінің есігін ашты. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Еңбегімнің жемісі осы болар", - деп ағынан жарылды Данченко.

Алайда, тележүргізушінің ата-анасы мұндай сыйды қабылдай алмаған. Олар кіндік қаны тамған жерден әзірге қоныс аударуға дайын емес екендерін жеткізген.

"Әкем мен анам жанымда үш айдай болды, емделді, қаралды. Анамның көзіне екі ота жасалды. Эфирден бас тартқан басты себебім де - осы. Ата-анамның жанында көбірек болуды жөн көрдім. Жүрегім тынышталғанда әкем: "Қызым, ренжіме, біз үйге қайтайық. Қарашаңыраққа барайық. Кіндік қанымыз тамған жер - Арал", - деп еді, сөздері жаныма батып, жүрегімді екіге бөлді.
Түсінемін, үлкен кісілерге бір-ақ сәтте қоныс аудару қиын. Екеуін де қалуға көндіре алмадым. Бірақ қолымнан келгенше мама мен папаны өмір бойы қуантуға тырысамын. Алла денсаулық берсін. Көңілім босап, екеуіне ауылға қайтатын билет қарап отырмын. Жылап", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942154-telezurgizusi-anna-dancenko-ata-anasyna-almatyda-pater-syilady-video/