Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім езіле береді": Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали соңғы кезде марқұм әкесін жиі ойлай бастаған. Өнер иесі оған деген сағынышын қалай басарын білмей, тіпті психолог маманның көмегіне жүгінгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Өмірғали Instagram парақшасында әкесі жайлы әсерлі жазба жариялап, жан сырын ақтарған. Ол әкесін ойлаған бойда жүрегі езіліп, көзінен жас тоқтамайтынын айтты.

"Соңғы кезде әкемді жиі ойлай бастадым. Желіде, өмірде әкеге байланысты бір нәрсе көрсем, жүрегім езіле береді. Көзімнен жас тоқтамайды. Содан ойланып, психологпен сессия өтем деп шештім. Біреуін таңдап, бір сағат бойы жылап шықтым. Түсінгенім, әкеме деген жара әлі жазылмаған екен. Мүмкін бала болып, бойымдағы өксікті шығара алмадым ба екен, кім білсін?
Осы сәт қатты қиналдым. "Резин артқа" барғым келді. Көңілімдегі сұр түстерді таңдап, құя бастадым. Әр бояумен бойымнан бір тоқ ұрғандай сезім болды. Көзімнен де жас тоқтар емес. Бір сағат ішінде бойымдағы неше жылғы сағынышым шыққандай болды. Жеңілдеп қалдым. Өмір болған соң, қоштасу да болады. Бұл - заң. Сағыныш сол қоштасудың серігі екен. Түсінгенім, бойыңыздағы сезімдерді ұстамаңыздар. Айтыңыздар, шығарыңыздар. Эмоция - бұл өмір. Өмір сүруден жалықпаңыздар", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942209-zuregim-ezile-beredi-zuldyz-omirgali-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel