RU

"Қара шаңыраққа ие болып отыр": Мақпал Жүнісова туған інісін көрсетті

Мақпал Жүнісова інісімен
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова анасының 85 жасын отбасымен бірге атап өтті. Өнер иесі мерекелік отырыстан видеолармен бөлісіп, көпшілікке өзінің туған інісі мен келінін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақпал Жүнісова жаңа жасқа толып жатқан анасына алтын білезік сыйлаған. Өнер иесі өз сыйлығын тарту еткен сәтін Instagram парақшасында бөліскен.

"Анамыздың ғұмыры ұзақ болсын, өсірген ұл-қыздарымен мың жасасын", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы қалың көпшілікке інісі мен келінін таныстырды. Ол анасына қарайласып, қара шаңырақта отырған жақындарына алғысын айтты.

"Қара шаңыраққа ие боп келе жатқан бауырым Бегзат, келінім Әлия аман болыңдар, анамызды жақсылап күткендеріңе Алла разы болсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден Жүнісованың анасын туған күнімен құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырды.

"Анаңыз 100 жасасын", "Анаңыз қандай әдемі қартайған, сізге анаңыздың жасын берсін, амандық берсін", "Ортаңыз көбейсін. Аман болыңыздар", "Бәріңізге тек жақсылық болсын", "Тілегіңіз қабыл болсын, ауырмасын, бала-шағасы аман болсын", – деп жазды олар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942221-qara-sanyraqqa-ie-bolyp-otyr-maqpal-zunisova-tugan-inisin-korsetti/