Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Әсел Асқар су жаңа көлігін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Фото: Instagram/assel.askar

Отандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар жаңа көлік сатып алды. Қуанышы қойнына сыймаған өнер иесі темір тұлпарын бірден қалың көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсел Асқар су жаңа автосының суретін Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, блогер ару соңғы үлгідегі Toyota Camry көлігінің иегері атанған.

Ол өзінің қуанышты жаңалығын жария етіп, көпшілікке де осындай темір тұлпар тізгіндеу бұйырсын деп тілек білдірді.

"Құттықтай берсеңіздер болады. Өз жылы лебізі мен құттықтауын білдіретін жандар алдағы уақытта қалаған көлігін сатып алады", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары жаңа автомобиль сатып алған актрисаны жарыса құттықтап, оған ақ тілектерін жаудырды.

"Құтты болсын", "Өзің мініп, өзің тоздыр", "Өте әдемі көлік. Түсі ерекше екен", "Құтты болсын. Бізге де бұйырсын", "Осы көлікпен талай белестерді бағындыр", "Таңдауың керемет", "Соңғы айларда жүйке жүйеңіз әбден қиналды. Сол себепті сіз осындай көлікке лайықсыз", "Бұл көлік тек қана бақыт алып келсін", - деп жазды Әсел Асқар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942350-ayagy-auyr-asel-asqar-su-zana-koligin-korsetti-foto/

pixel