Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рухани күйзеліс": Ерболат Беделхан Ninety One тобынан кеткен AZ туралы айтты

Жарияланған күні:

Ерболат Беделхан
м: YouTube/"Шынайы Ақберенмен"

"Ninety One" тобының продюсері Ерболат Беделхан топтан кеткен Азамат Зенкаев (ред. - AZ) туралы өз ойын айтты. Айтуынша, оның бөлініп кетуіне рухани күйзеліс себеп болған, деп жазады "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақын Ақберен Елгезекке сұхбат берген продюсер Қазақстандағы музыка, ондағы жаңа бағыттар, сонымен бірге, той-бизнеске деген көзқарасы туралы айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан халқы тойсыз өмір сүре алмайды, себебі, той - қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Сонымен бірге, халықтың тойға деген көзқарасынан музыкаға деген сүйіспеншілігін аңғаруға болады, дейді ол.

Алайда продюсер Ninety One-ның топ ретінде тойларда ән айтуына үзілді-кесілді қарсы. Себебі, той-бизнес арқылы олар топ ретінде әлемдік деңгейде дами алмай қалады деп есептейді.

"Мен ешқашан тойға қарсы болған емеспін. Той деген қазаққа тән нәрсе. Мен қазақпын ба? Иә. Мен де тойға барам. Бірақ Ninety One тойға шықпайды. Өздерінің туыстарының тойына барады, бірақ ән айтпайды", - дейді ол.

Бұдан бөлек, Ерболат Беделхан атышулы топтан кеткен Азамат Зенкаевқа қатысты сұрақтарға да жауап берді. Оның сөзінше, AZ рухани күйзеліс салдарынан топтан кету туралы шешім шығарған.

"Өзім шығарып салдым. Рухани күйзеліс. Менен кеткеннен кейін өнерге деген құлшынысы қайта туындап жатыр деп естіп жатырмын. Бірақ бізде қалай? Жұмыс көп. Күнде студияға барады, күнде жаттығады, күнде билейді. Шаршайды. Тек қана рухани ғана емес, физикалық тұрғыдан да шаршайды. Бес жыл оңай емес. Балалардың көбі басында билеуді де білмеген. Бастапқыда мен үйреттім, төрт жыл болды хореографтар үйретіп келеді", - дейді продюсер.

Сондай-ақ, ол топ мүшесінің кетуі ұжымға қалай әсер еткенін айтты.

"Азаматтың кетуі бәрімізге әсер етті. Маған да, балаларға да. Бренд деген зат немен ерекшеленеді? Мысалы бір жұдырықта бес саусақ болса, біреу жоқ боп қалса қалғандары әлсіз болады ғой. Сол сияқты мұндағы бес баланың тағдыры да бір-біріне байланған.

Топты, брендті қалыптастыратын адам. Сондықтан, олар жеке-жеке кетсе, әр қайсы кішігірім бренд болып, ән айта береді. Ал оның орнына басқа адам алу деген бұрынғы Кеңес Одағының жүйесі", - деген ол AZ-дің орнына ешкім келмейтінін кесіп айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942376-ruxani-kuizelis-erbolat-bedelxan-ninety-one-tobynan-ketken-az-turaly-aitty/