Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерке әйел болдым": Роза Рымбаева алғаш рет өзінің енесі туралы айтты

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: YouTube/"Таңшолпан" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Қазақстан телеарнасының "Таңшолпан" бағдардамасына сұхбат беріп, өзінің балалары, марқұм енесі мен келіні туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әншінің қазіргі таңда екі ұлы және келіні Ақеркемен бірге тұратыны белгілі. Соған қарамастан, Қазақстанның халық әртісі келінімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Айтуынша, қазір ол өте бақытты кезеңді бастан өткеріп жатыр.

"Мен балаларыммен, келініммен бақыттымын. Келінім демеймін, қызым деймін. Олар да мені бақытты етіп жүр. Олардың жүріс-тұрысы, маған деген көзқарасы, өздерінің күнделікті мінезі, жасап жүрген дүинелеріне қарап, тәубә, құдайға шүкір деймін", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол жолдасының анасы өте текті және ақылды әйел болғанын айтып, марқұм енесін есіне алды.

"Менің енем марқұм Батима апа мен атам Оқап ата ауылда тұрды. Ауылға барып, Алакөлге жыл сайын шомылып, ол кісілерге еркелеп қайтатынбыз. Өте зиялы адамдар болды. Ол адамның тегінде, қанында болады екен ғой. Ана арқылы беріледі екен. Менің жолдасымның, Әлидің тектілігі сол апаларынан берілген. Олардың ортасында мен де жақсы-жақсы, керемет қасиеттерді өзіме қабылдадым", - деді ол.

Ал өміріндегі ең бақытты кезеңін ол ана және жар атанған кезім, дейді.

"Тағдыр адамның маңдайына жазылатын дүние ғой. Менің ең бақытты кезім - ана атанған кезім. Сондай-ақ, марқұм жолдасыма тұрмысқа шыққаным. Бақытты жар, ерке әйел болдым. Сол кісінің басшылығымен, сол кісінің демеуімен "Халық әртісі" деген деңгейге жеттім. Сондықтан, барлық жағынан мен бақыттымын. Қазіргі өмірім де бақытты. Себебі, балаларым өсті, жігіт болды. Келінім бар. Ендігі тілегім - осы бақытым жалғаса берсе екен", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942396-erke-aiel-boldym-roza-rymbaeva-algas-ret-ozinin-enesi-turaly-aitty/

pixel