Гүлзира Айдарбекова: Бақытсыздық жайлап алған өмірде бақытты болып көріну де - өнер
Жарияланған күні:
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртастың видеосын бөлісіп, әсерлі жазба жариялады. Ол өмірдегі қиындықтарға мойынсұнбай, әркез күліп жүруге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Гүлзира Айдарбекова аталмыш жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол бақытсыздыққа толы өмірде бақытты болып көрінудің өзі де өнер екенін алға тартты.
"Өмір кейде сүріндіріп жіберер, Қайта тұрып, жалған күліп жүре бер. Бақытсыздық жайлап алған өмірде, Бақытты боп көрінуде бір өнер", - деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың анасымен толығымен қосылып, оған өз қолдауын білдірді.
"Өте дұрыс айтылған. Жалған өмірде күліп жүруге не жетсін", "Алла бақты бір жағынан болмаса, бір жағынан береді. Ұл болса Қайраттай болсын. Сынақ қой, өтеді бұл күнде кетеді. Ең бастысы дені сау болсын", "Өкінбе,өкпелеме бүгініңе. Қайта тұрып қақың бар жүгіруге. Бұл өмір ғой. Бәрі уақыт еншісінде. Бәрі жақсы болады", "Өтірік бақытты емес шығар. Шын бақытты шығар. Негізі өлеңіңіз ауыр ғой, Қайратқа қатысты болса", "Ананың баласына жасаған дұғасы қабыл болады. Дұға етіңіз. Бәрі жақсы болады", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942556-gulzira-aidarbekova-baqytsyzdyq-zailap-algan-omirde-baqytty-bolyp-korinu-de-oner/