Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларым көп болғанын қалаймын": Арман Қоңырбаев ұлды болуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев
Фото: Instagram/armankonyr

Қазақстандық танымал әнші Арман Қоңырбаев желіде оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі болашақта көпбалалы әке болғысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Қоңырбаев ел көкейінде жүрген сауалдарға Instagram желісінде жауап берді. Сұрақтар қатарына жеке өміріне қатыстылары да болған. Әнші олардың барлығын назардан тыс қалдырмай, ашық жауап беруге тырысқан.

Оның ішінде шоу-бизнес жұлдызы алдағы уақытта ұл баланың әкесі атануға қатысты өз ойын айтып өтті.

"Балаларым көп болғанын қалаймын. Ұлдар да, қыздар да болса деймін. Бәрі Алланың қалауымен", - деп қысқа қайырды әнші.

Айта кетейік, бүгінде Арман Қоңырбаев пен Аша Матай екі қызды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942598-balalarym-kop-bolganyn-qalaimyn-arman-qonyrbaev-uldy-boluga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel