Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызымды өзім үшін өмірге әкелдім": Опера жұлдызы Зарина Алтынбаева жеке өмірі туралы айтты

Опубликовано:

Зарина Алтынбаева
Зарина Алтынбаева. Кадр: YouTube/Alga Петербург

Отандық опера саласының жұлдызы Зарина Алтынбаева "Алға, Петербург" бағдарламасына сұхбат беріп, шығармашылығы, балалық шағы, отбасы және жеке өмірі туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2000 жылдары отандық музыкалық телеарналардың эфирінен түспей, қалың көпшілікті әдемі дауысымен тамсандырған Зарина Алтынбаева бүгінде өзінің мансабын опера саласында жалғасытырып жатқаны белгілі. 2013 жылға дейін ол Лондонда өз білімін жетілдіріп, музыка магистрі атанып, елге оралған. Содан бері Абай атындағы Опера және балет таеатрында табысты еңбек етуде.

Заринаның айтуынша, ол кішкентайынан музыкаға жақын болған. Оның атасы белгілі жазушы болса, әжесі Қытай сахналарында өнер көрсеткен әнші болған. Алайда, Заринаның анасы мен әкесі қарапайым жұмысшы болып, 90-жылдардағы күрделі кезеңде күн көру апталап жұмыс істеуге мәжбүр болған.

"Анам мен әкем көп жұмыс істеді. Артынша екеуі ажырасып кетті. Сөйтіп анам екеуімізді жалғыз анам бақты. Анам апталап жұмыс істейтін. Аптасына бір-екі-ақ рет көретінбіз. Айтайын дегенім, сонда да сынбадық, адам болып өсіп шықтық", - деп есіне алады қиын кезеңдерді әнші.

Айта кету керек, әнші өзінің жеке өмірі туралы да ақпаратты ешкімнен жасырмайды. Ол қазіргі таңда жалғыз екенін және ешқашан тұрмыста болмағанын ашық айтты. Ал қызын ол өзі үшін өмірге әкелдім, дейді.

"Мен тұрмыста емеспін. Ешқашан тұрмысқа шықпағам. Солай болды. Енді дәл қазір шығармашылық туралы әңгіме өрбітіп отырмыз ғой. Бірақ, сонда да айтайын, баланы өзім үшін өмірге әкелдім. Шыны керек, мен анамның жетегінде жүрдім. Мен үшін шешімді де анам қабылдайтын. Дұрыс болды ма, жоқ па, білмеймін. Бізді қатты жақсы көретін. Мені, сіңілімді. Мүмкін ол осындай дәрежеде біздің өмірімізбен өмір сүрген шығар.

Оны еш кінәламаймын. Әйел ретінде, ана ретінде, шығармашылық адамы ретінде енді ғана ашыла бастадым. Мүмкін, балаларды өз уақытында жіберу керек шығар. Бірақ, мен 4 жыл бұрын ғана ашыла бастадым. Мен бұл өмірді сүйемін, дамығанды жақсы көремін. 36 жасымда қызым, жұмысым, шығармашылығымның барына ризамын. Барлығы алда деп ойлаймын. Мен бұған сенемін және үміттенемін", - дейді ол.

Өнерді, әнді жанымен сүйетін әлемдік деңгейдегі опера әншісі өзінің ойында жеке өміріне қатысты күдік барын да жоққа шығармады. "Сөз салып жүрген ер-азаматтар көп болар?", - деген сұраққа ол:

"Менің де өз мінезім бар. Жуырда Шопеннің жұбайы Жорж Сандтың "Консуэло" романын оқып шықтым. Ондағы кейіпкердің өмірі өте қызық өрбіген. Ол жан-тәнімен жақсы көрді. Бірақ тұрмысқа шықпай өтті. Өмірін шығармашылыққа арнады. Менің өмірім қалай боларын мен білмеймін. Мен де тағы бала сүйгім келеді. Бірақ, өмірде бәрі біз айтқандай оңай емес. Бұл жерде менің еркелігім емес, маңдайға жазылған тағдыр. Анам жанымда болған кезде, соның бағытымен жүре бердім. Өте қиын сұрақ. Бірақ соңғы кездері мен армандауды да ұмытқан сиятымын", - деп жауап беріп, жан сырын ақтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1942735-qyzymdy-ozim-usin-omirge-akeldim-opera-zuldyzy-zarina-altynbaeva-zeke-omiri-turaly-aitty/

pixel