Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық блогер Жанерке Елшін екінші сәбиін дүниеге әкелді

Опубликовано:

Жанерке Елшін жолдасымен
Фото: Instagram/elshinzhanerke

Қалың көпшілікке "Қалаулым" жобасы арқылы танылған блогер Жанерке Елшін тағы да сәбилі болды. Желі жұлдызы екінші перзентін дүниеге әкелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен Жанерке Елшіннің өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Блогер ару оқырмандарынан сүйінші сұрап, арнайы жазба жариялаған.

Белгілі болғандай, ол 21 қараша күні босанған. Алайда, екінші баласын дүниеге әкелу желі жұлдызына қиынға соққан.

"Аллаға шүкір. Аликоштың бірге ойнар інісі дүниеге келді. Су ішері бар екен құлынымның. Бүгінгі датасы әдемі болғанмен, оңай болмады. Сосын айтып берермін. “Әйел қырық жанды ғой”. Араларыңыздағы аналар қауымына тағы бір мәрте мың тағзым. Сіздерге бұл қуанышты қалай айтып қоймасқа дедім", - деп жазды жас ана.

Желі қолданушылары жас ата-ананы жарыса құттықтап, оларға өз ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты атышулы "Қалаулым" жобасында табысып, отбасын құрған. Бүгінде олардың екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943432-otandyq-bloger-zanerke-elsin-ekinsi-sabiin-duniege-akeldi/

pixel