Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят емес": Ләйлә Сұлтанқызы өзінен психологиялық көмек сұрайтын аруларға үндеу жасады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде үйіндегі проблемасын айтып, өзінен көмек сұрайтын қыз-келіншектер көбейіп кеткенін айтты. Ақпарат өкілі өзгенің кеңесіне зәру болған аруларға жауап беріп, олардың аналарына үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы бұл мәселеге қатысты әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ақпарат өкілі онда қыз-келіншектерге ненің ұят емес екенін ажыратып берді.

"Маған "атымды, фамилиямды көрсетпеңізші, суретімді бояп қойыңызшы" деп үйіндегі проблемасын айтып, психологиялық көмек сұрайтын хаттар өте көп келеді. Аяулы қыздар, құрметті аналар, жаңадан күйеуге шыққан жас келіншектер:
  • үйіңіздегі проблеманы айту - ұят емес,
  • жақыныңыздан көмек сұрау - ұят емес,
  • басыңыздағы қиындықты ел білсе - ұят емес,
  • психологқа бару - ұят емес,
  • ана-енеңіз күйеуіңізбен ашық сөйлессе - ұят емес,
  • өз пікіріңізді білдіру - ұят емес.

Себебі, сіз де адамсыз, жеке тұлғасыз", - деп жазды тележүргізуші.

Сонымен қатар, журналист арулардың аналарына үндеу жасап, өз ақылын айтты. Оның сөзінше, қыздарға аналарынан артық сырлас табылмайды.

"Құрметті аналар, "қызым, үйіңдегі проблемаңды маған айтпа"- демеңіздер, керісінше қызыңыздың жағдайын біліп отырыңыздар. Ол екі жастың ортасына түсу, араласу дегенді білдірмейді! Қызыңызға сізден артық сырлас жан табылмайды. Мұндай жағдайға жетпес үшін дәл қазір ойланыңыз, өйткені "көмек сұрау ұят емес".

«Ұят болады» деп тыйым салынған мәселелер уақтылы шешілсе кешегідей 1 әулеттің 3 бірдей ұрпағы өлімге қиылмас еді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943464-uyat-emes-laila-sultanqyzy-ozinen-psixologiyalyq-komek-suraityn-arularga-undeu-zasady/

pixel