RU

"Спорт және махаббат": Жартылай жалаңаш күйінде суретке түскен Қайрат Нұртас желіні шулатты (фото)

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртастың желіге жүктеген жаңа фотосы елдің талқысына түсті. Өнер иесі қалың көпшілікке дене сымбатын паш еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас соңғы уақытта Instagram желісінде белсенділік танытып жүр. Өнер иесі парақшасында жаңа суреттермен бөлісіп, оқырмандарын күн сайын қуантуда.

Бұл жолы эстрада жұлдызы жаттығу залындағы фотосын жариялап, желіде қызу пікірталас тудырды. Ол қалың көпшілікке жартылай жалаңаш денесін көрсетті.

"Спорт және махаббат" , - деп жазып қойған әнші суреттің астына.

Желі қолданушылары әртістің дене сымбатына тәнті болып, оған түрлі пікірлер жазған.

"Жұлдызға ғой махаббатың, ақ Қайрош қой лақап атың. Сахна ғой сендік спорт, Астында қал шапалақтың", "Бойдақпын дейсіз ғой", "Бала-шаға ше?", "Спортшы болып кетпе", "Сенің спортты жақсы көретініңе бірінші рет куә болып тұрмын. Жарайсың", "Не деген әдемісің", "Арықтап кетіпті", "Спорт және Жұлдыз дегеніңіз дұрыс болар", "Не деген дене", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943475-sport-zane-maxabbat-zartylai-zalanas-kuiinde-suretke-tusken-qairat-nurtas-zelini-sulatty-foto/