Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел болған соң қызметіңді атқар деді": Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің қойған талабы туралы айтты

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова. Фото
Мақпал Жүнісова. Фото: YouTube/Saumal.kz

Мақпал Жүнісова әнші Нұрлан Албанға берген сұхбатында өзінің марқұм жары Заманбек Нұрқаділовті еске алып, онымен бірге тұрған жылдарға тоқталды. Қазақ әншісі жолдасының көзі тірісінде неліктен үй күтушісін алмағанын, төрт қабатты үйге қалай жалғыз өзі ие болғанын және жан жарының қойған талабы туралы сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әншінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін еш уақытта үй күтушісінің қызметіне жүгінбеген. Бұған себеп - марқұм жары Заманбек Нұрқаділовтің қойған талабы болса керек.

"Ол әдет боп кететін нәрсе. Дайын нәрсеге адам үйреніп кетеді. Кейбіреулер уақытша ала тұрайын дейді. Біз осы сондайға жақындаумыз ғой. Дайындап берсе, жатып ішетін адамдар көп. "Алма піс, аузыма түс" дейтіндер. Мұның барлығы Зәкеңнің тәрбиесі ғой. Ол үйде бөтен адамның жүргенін қаламады. Мен айтуын айттым.

"Мына қолды сақтау керек. Сіздің "мына төрт этаж үйіңізді жуып-сүрті мен үшін емес. Мен бір бөлмеде тұрған, өзімді өзім күткен адаммын. Алты жасымнан халық әртісі боламын деген адаммын. Әдемі болып жүруім керек. Сұлу болып жүруім керек. Сондықтан күтуші алайық" дедім. Бірақ ол кісі "Қарағым, айналайын, әйел болған соң өз қызметіңді атқар.

Мен саған төрт қабатты үйді бір күнде жина деп отырған жоқпын ғой. Дүйсенбі екі бөлме, сейсенбі екі бөлме" дейтін. Сонымен ол біткенде қайтадан басталады. Соған үйреніп кеттім. Бұл да керек нәрсе екен. Фитнес сияқты екен. Күнделікті 40-50 минут екі бөлмені жуып, еденін жуып, шаңын сүртесің. Сөйтіп ауысып отырасың. Білінбейді екен.

Сосын ол кісі халықтың адамы болды. Жұмыстан шаршап келген кезде ол галстуктың барлығы шешіп, футболкамен, қысқа шалбармен жүргенді жақсы көретін адам болды. Еркіндікті жаны сүйетін. Сол үшін көндік", - деді.

Жүнісованың айтуынша, Заманбек Нұрқаділов тіпті есік алдын тазалау үшін арнайы қызметші алмаған. Қыста қар тазалап, ауланы өзі тазалағанды ұнататын, дейді әнші. Сол әдет бойынша өнер иесі әлі күнге дейін аула тазалаушы ұстамайтынын айтады. Есесіне, үйінде күзетші мен жеке шопыры бар. Қос қызметкеріне Мақпал Жүнісова ай сайын жалақы төлеп, әлеуметтік тұрғыдан көмек беріп тұратынын баяндады. Ал қыста марқұм жары секілді қарды өзі тазалағанды ұнатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943529-aiel-bolgan-son-qyzmetindi-atqar-dedi-maqpal-zunisova-nurqadilovtin-qoigan-talaby-turaly-aitty/

pixel