"Жолымыз ажырады": Ерке Есмахан сүйіктісімен айырылысып кеткенін растады
Жарияланған күні:

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан ғашығы Азамат Зенкаевпен айырылысып кеткенін хабарлады. Эстрада жұлдызының сөзінше, бұл ортақ шешім емес. Ол қарым-қатынасты өзі тоқтатып тастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан жеке өміріндегі жаңалықтарын өзінің Instagram парақшасында жария еткен. Өнер иесі сұрақ-жауап барысында AZ-мен екі бөлек кеткендерін растады.
"Жолымыз ажырады. Екі бөлек кеттік. Бұл ортақ шешім емес. Бұл менің қалауым болды. Енді алдағы уақытта бір Алланың еншісінде. Тек жақсылық болсын", - деп қысқа қайырды әнші.
Бұл хабарды естіген көпшілік шоу-бизнес жұлдызынан айырылысуының себебін сұрап білмек болды. Алайда, Ерке Есмахан бұл жайында тіс жармайтынын кесіп айтты.
"Ол көзге шөп салатын адам емес. Себебін айтпаймын. Сұрамаңыздар", - деп жауап берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1943636-zolymyz-azyrady-erke-esmaxan-suiiktisimen-aiyrylysyp-ketkenin-rastady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 3
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Дұрыс істегенсің бәле ғой екеуің бірге баратын шығарсыңдар салонға тырнақ істетуге
ЖанболатJ
осылар жеке өмірін жария қылмаса дұрыс болар еді,оңай байға тие салады,оңай ажыраса салады,келешек жас ұрпаққа не тәрбие бұл😤
861113301380
Быреуге жан кайгы. быреулерге есек кайгы.деушеды. несыне оны жар етып жазасыздар. жаналык кулып.
Макс_Кзо