Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал блогердің анасы қайтыс болды

Опубликовано:

Эльмира Төлегенова
Фото: Instagram/elt6i

Қазақстандық танымал блогер Эльмира Төлегенованың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Желі жұлдызының анасы қайтыс болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды блогер арудың өзі Instagram парақшасында хабарлады. Белгілі болғандай, Эльмира Төлегенованың анасы өз туған күнінің ертесіне небәрі 42 жасында қайтыс болған.

Желі жұлдызы анасына жантебірентерлік жазба арнап, өз оқырмандарын жылатты.

"Анам бақилық болды. Ол енді біздің қасымызда жоқ. Анашым 16 қараша күні өмірден озды. Өз туған күнінің ертесінде қайтыс болды. Анам жоқ әлемде қалай өмір сүруге болады? Оның иісі мен даусын қайдан іздеп табамын? Оның құшағын қалай сезінемін? Бұл жараны қалай емдеуге болады? Қалай қабылдауға болады? Басымда сан түрлі ойлар бар. Мен мұның бәрі неден болғанын білемін. Анам ауырды. Алайда, бұдан жарам жеңілдемейді ғой.

Анашым қалың қалай екен ол жақта? Менің жағдайым онша емес. Әрі қарай өмір сүруге тырысып жатырмын. Ол жақта да жақсы адамдар керек екеніне сенемін. Анам жұмақта деп ойлаймын. Осы ой ғана жанымды жылытады. Бұл жазбаны жазу маған ауыр болды. Неше мәрте жазып, неше мәрте өшірдім. Анашым мен жаңадан өмір сүруге үйреніп жатырмын. Орын алған жағдайды қабылдауға үйреніп жатырмын.

Менің анам үлгі тұтар әйел еді. Ол өмір бойы адал еңбек етті. Мені тәрбиелеп өсірді. Әркез ақылды әрі ақкөңіл болды. Ол қашанда қол ұшын созып, өзгелерге көмектеуге дайын тұратын еді. Менің балаларым анамның қамқорлығы мен махаббатына куә бола алды. Бұл үшін алғысым шексіз. Бұл орны толмас қаза. Дегенен мен өзімді барынша сабырлы ұстауға тырысудамын. Жатқан жерің жайлы болсын, анашым. Жаның жәннатта болсын. Мен сізді қатты жақсы көремін. Сіз әрдайым менің жүрегімде боласыз. Мен сізді ұмытпаймын, анашым. Өз қайғыммен сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Себебі, үнсіздіктен жанымды жаралай береді. Бұл мен үшін аса ауыр сынақ болды", - деп жазды блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1943754-otandyq-tanymal-blogerdin-anasy-qaitys-boldy/

pixel